Үкіметтің отставкаға кеткенін күтемін - депутат

Ulysmedia

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев 1 қыркүйекке жоспарланған Парламенттің бірлескен отырысынан не күтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

“Президенттің кезекті жолдауынан мен:

- Жаңа тұрғын үй бағдарламасын. Әсіресе жастарға, жас отбасыларға арналған бағдарламаны күтемін. Парламент қабырғасында депутаттық сауал жолдасам да, Үкімет басындағылар бюджетке байланысты анау-мынау деп бұлдыр жауап қайтарды. Президент өзі бір нәрсе айтпаса, үй алатын мемлекеттік бағдарламалардың бәрі тоқырап қалды. Аты бар, ЗАТЫ ЖОҚ!

- Минималды айлықтың өскенін, жәрдемақы, зейнетақы сомаларының өскенін;

- Әрі қазіргі Үкіметтің отставкаға кетуін күтемін”, – деп жазды мәжілісмен желідегі парақшасына.

Ол көпшіліктің де осындай ойын білгісі келетінін жасырмайды.

Айта кетейік, бұған дейін 1 қыркүйек күні Парламенттің бірлескен отырысы өтетіні белгілі болған. Онда президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті дәстүрлі Жолдауын жариялайды деп күтілуде.