Оралда көпқабатты үй өртеніп, 2 адам қаза тапты

Ғалиасқар Думан

Орал қаласында 9 қабатты үй өртеніп, 2 адам ажал құшты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, оқиға 31 тамыз күні Астана уақытымен сағат 05.19-да Х.Есенжанов көшесі 1/1-мекенжайында болды.

«Өрт сегізінші қабаттағы қосалқы үй-жайдан басталған. Өрт сөндірушілердің күшімен 18 адам құтқарылды. Оған қоса 27 адам эвакуацияланды. Пәтерлердің бірінен улану белгілерімен 1973 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. 1979 жылғы әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. «Тілсіз жау» сағат 06.09-да оқшауланып, 06.34-те толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары, келген шығын анықталу үстінде» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үй өртенді. Тұрғындар өмірлерін арашалау үшін терезеден секіруге мәжбүр болды.

Алғашында 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Кейіннен оқиға салдарынан 1 адам мерт болып, 43-і зардап шеккені мәлім болды.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті  "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде әйелдің қаза болуының мән-жайын айтып берді.