Әділетсіздік: Жамбыл облысында бас дәрігердің орынбасары биліктегілерге жүгінді

Ғалиасқар Думан

Бас дәрігердің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары С.Шәушенова Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы Олжас Бектеновке хат жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Дәрігердің айтуынша, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Оспанова келгелі денсаулық сақтау құрылымдарында бас дәрігерлер мен олардың орынбасарлары тыныш жұмыс істеуден қалған. 

Шәушенованың сөзінше, Тараз көпсалалы ауруханасының қызметкерлері жұмыстан босатылып, оның орнына бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған Б.А.Исаев келген.

Сондай-ақ дәрігер өзге де қызметкерлердің жұмыстан шығарылғанын және ел заңының "өрескел бұзылғанын" айтып шағымданды.