Атырауда 54 млн теңге жымқырған басшы сотталды

Ulysmedia

Атырауда 54 млн теңге жымқырған білім басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24.kz-ның мәліметінше, экс-шенеунік 2015-2020 жыл аралығында қызметін асыра пайдаланып, қазынаның қаржысына қол салған. Бұрынғы басшы Көлбаева қыруар қаражатты өзінің және анасының шотына аударып отырған. Тергеу барысында ол кінәсін мойындап, алған ақшаны толық қайтарыпты. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды.