Қазақстан АҚШ үкіметінің сайтын бұғаттады

Ulysmedia

Қазақстанда АҚШ Сауда министрлігі Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының (BIS) сайты бұғатталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында BIS сайтының бұғатталғаны туралы хабарлама жарияланды, онда бұғаттау көрінеу жалған ақпараттың таралуына байланысты ҚР уәкілетті органының нұсқауы бойынша жүргізілгені көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін сайтта қазақстандық компанияларға қатысты санкциялар туралы жарияланым пайда болған.

Бұған дейін Швеция Ресеймен көршілес елдерді санкцияларды айналып өту әрекетінен күдіктенетіні хабарланған болатын.

Еуропа өзінің санкцияларымен Ресей Федерациясына көптеген тауарларды, соның ішінде қару-жарақ өндірісінде қолдануға болатын компоненттерді жеткізуге тыйым салады.

Сонымен қатар Батыс елдері Ресей тыйым салынған тауарларды импорттау үшін көрші елдерді пайдаланып жатыр деп қауіптенеді.

Айта кетейік, жақында АҚШ-тың Ресейге көмектескені үшін Қырғызстанға қарсы санкция салғаны мәлім болған.