Қар аралас жаңбыр: Синоптиктер елдің қай өңірінде ауа райы бұзылатынын айтты

Ғалиасқар Думан

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 5-7 қыркүйек күндеріне арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел соғады деп болжап отыр.

"Қазақстан Республикасының солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында әлсін-әлсін нөсер жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болады, 5 қыркүйекте ауық-ауық нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды", – деп хабарлады синоптиктер.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Ауа температурасы республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде 2-10 градус жылы, күндіз 10-20 градусқа дейін сәл көтеріледі.