Түркиядағы жол апаты: қаза тапқан журналистің күйеуі ауруханада қайтыс болды

Ғалиасқар Думан

Түркияда жол апатына ұшыраған отбасының отағасы да қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті. Оның сөзінше, отбасы мүшелерінің денесі бүгін Қазақстанға жіберіледі.

Естеріңізге сала кетсек, 4 қыркүйек күні Түркияның Алания қаласында сафари-көлік пен жеңіл автомобильдің соқтығысуы салдарынан журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан мен 2 жасары қызы оқиға орнында көз жұмды. Ал отбасының отағасы жансақтау бөліміне түскен еді. 

Бұдан бұрын СІМ апаттың мән-жайын айтып берген.