Kaspi банкінде адамдарды кепілге алу туралы іс бойынша сот отырысы Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. 18 маусымда банктің үш қызметкерін кепілге алып, бүкіл елді дүр сілкіндірген Әлихан Мұрадовтың тағдыры шешілмек. Ulysmedia.kz тілшісі жәбірленушілердің айғақтарын тыңдап қайтты.
Дисклеймер: судья Әбинур Қарабаев зардап шеккендерді және куәгерлерді фото және видеоға түсіруге сондай-ақ олардың аттарын жариялауға тыйым салды.
Менде шок болды
Өткен сот отырысында Мурадов самайына тапанша тақаған қыз оқиғаны егжей-тегжейлі айтып берді. Бүгін оның кепілге алынған тағы бір әріптесі сөз сөйледі.
Қыз оқиғаның мән-жайын айтпас бұрын қатты қорқып кеткенін және бәрі басталған кезде ата-анасына хабарлама жаза бастағанын айтты.
"Ол барлық қыздардың шығуын талап етті ме", - деп сұрады мемлекеттік айыптаушы.
- Жоқ, - деп жауап берді ол.
Куәгерлердің айғақтарынан белгілі болғандай, басқыншы қатты сырқаттанған әпкесінің емделуіне ақша аударуды және оны ең жақсы клиникаға жатқызуды талап еткен.
Банк қызметкері Мурадов әр сөзін айғайлап айтқанын жеткізді.
- Спецназ, полицейлер кірді, менің көз алдымда бірдеңе жарылды. Спецназ тезірек кетіңдер деді. Еденде Мурадовтың қаны болды. Жедел жәрдем келді. Менде шок болды", - деді жәбірленуші.
100 миллион талап етті
Кейінірек Мурадовпен келіссөздерге қатысқан полиция қызметкері сөйледі. Келіссөздерге министр Ахметжановтың жалғыз өзі қатыспағаны белгілі болды, ол сол күні жаңалықтардан еліміздің жалғыз батыры ретінде көрсетілген еді. Бұл операцияға көп уақыт жұмсаған басқа қызметкерлер де болған, біз олар туралы енді ғана қылмыстық іс материалдарынан біліп отырмыз.
- Бұл күні, 18 маусымда, түскі ас уақыты болатын. Маған кезекші қоңырау шалып, шақырту келіп түскенін, осындай мекенжай бойынша адамдар кепілге алынғанын айтты. Оқу-жаттығу жұмыстары болуы мүмкін деді. Содан кейін жағдай күрделі екенін айтып, шұғыл түрде сол жерге жет деген еді, - деді ер адам.
Оның айтуынша, ол оқиға орнына 10 минуттан кейін келген. Осы уақытта ғимарат қоршауға алынып, ІІБ-нің басқа қызметкерлері келді. Куәгердің айтуынша, Мурадов журналистердің келуін талап еткен.
- Біз оның қалжыңдап тұрмағанын көрдік. Ол қызметкерлердің ешқайсысы кірмесін деп айқайлады. Сәлден соң Мурадов біздің басшылығымыздағы біреумен телефон арқылы сөйлесті, содан кейін журналистің келуін талап етті, - деп қосты полиция қызметкері.
Куәгерлердің айтуынша, басқыншы "Пресса" деп жазылған көкірекше киген адамды көргеннен кейін ғана келіссөз жүргізуге көнген.
Мурадов елдегі халықтың осал топтары қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын айта бастаған.
- Ол Қазақстандағы проблемалар жайлы, балаларға, аз қамтылған, мұқтаж жандарға ақша бөлу керегін туралы көп айтты. Мен бәрі ақырындап болады, көмек көрсетіледі деп айттым.
- Содан кейін мен оқ өтпейтін кеудешені шешіп, менде ештеңе жоқ екенін көрсеттім - қару және т.б. Оған жақындадым, біз сөйлесе бастадық. Ол кепілге алған қыз қатты қорқып тұрды.
Әлихан біраз уақыт айқайлап, кейін тынышталды, біз тыныш сөйлесе бастадық, - деп еске алады полиция қызметкері.
Нәтижесінде басқыншыға 10 миллион теңгеге аударылған чек көрсетілген, содан кейін ол бірінші қызды босатыпты. Бірақ кейінірек Мурадов 10 миллион аз екенін айтып, 100 млн теңге талап еткен.
-Қазақстанда қанша қор бола тұра, небары 10 млн теңге алу аздық ететінін айтты, - деді куәгер.
Мурадовпен келіссөздер бір жарым сағатқа созылған. Келіссөз жүргізушінің айтуынша, басқыншы барынша өзіне назар аударғысы келіпті.
- Мен оған "Әлихан, сен жақсы адамсың. Сен мұны не үшін істеп жатырсың? Сенде бәрі жақсы болады” дедім. Ал ол: "сен мені "жақсы адамсың” деп алдарқатпай-ақ қойшы” - деді.
- Мен оны атымен атауға тырыстым, барлық уақытта "Әлихан, Әлихан" деумен болдым. Өйткені адам еститін ең жақсы нәрсе – оның есімі, - деп түсіндірді полицей өзінің сол сәттегі әрекетін.
Полиция қызметкерінің айтуынша, Мурадов алдымен ештеңе қабылдағысы келмеген, кейінірек байланысқа шыққан.
- Жағдай өте күрделі болды. Бәрі жарылғыш заттан қорықты.
Бір қызығы, маусым айында кепілге алынған адамдардың құтқарушысы болған министр Ахметжанов жайлы бүгін сотта куәгерлердің ешқайсысы бірде-бір сөз айтқан жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 18 маусымда Әлихан Мұрадов Астанадағы Kaspi банкіне шабуыл жасаған болатын.
Тергеу мәліметтері бойынша, басқыншының өтелмеген несиелері болған, ал қылмыс жасалған кезде ол есірткіге еліріп алған.