Польшада өткен жарыста Қазақстан құрамасының шахматшылары керемет ойын өрнегін көрсетіп, үздік төрт команданың қатарына қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алуа Нұрманова матчтың басында-ақ тізгінді қолына алып, Йозефина Хайнеманнан басым түсіп, Қазақстанды алға шығарды. Одан кейін Бибісара Ассаубаева Элизабет Пехцті жеңіп, командасына маңызды екі жеңіс әкелді. Әмина Қайырбекованың жеңісі Қазақстанға жартылай финалға шығуға мүмкіндік берді. Бұл екі команда арасындағы кездесу өте жақын әрі тартысты өтті.
Қазақстандық шахматшылар Франция құрамасымен ойнаса, екінші жартылай финалда АҚШ пен Грузия командалары кездеседі.