«Ашытқыны екі есе көп қосқан»: Шымкентте қауіпті энергетикалық сусын өндірілген

Айнель Аянова

Жасырын цехтың қызметін Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкенттегі департаменті тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 мыңнан астам құты контрафактілік сусынның дайын өнімі, тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банка, энергетикалық сусынды құюға арналған жабдық, сия бүріккіш жапсырма, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар (лимон қышқылы, кофеин, сода, бояғыштар, қант, қышқылдықты реттегіштер) тәркіленген.

Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады. Ұлттық сараптама орталығының микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәркіленген сусынның құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы бар.

«Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе, жас ағзаға зиян келтіреді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлайды ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.