Атырау облысында 200-ге тарта жұмысшыға жалақы төленбеген

Ғалиасқар Думан

Атырау облысының Жылыой ауданында жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Облыстық прокуратура мәліметінше, «Батыс Тех Инвест» ЖШС-нің жұмысшыларына еңбекақыларын төлемеу жағдайлары анықталды.

“Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 180 жұмысшыға 32 млн теңге көлемінде еңбекақылары және 744 жұмысшыларға 48 млн теңге көлемінде зейнетақы және әлеуметтік аударымдары өндірілді”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын "Шұбаркөл көмір"  жұмысшылары әлеуметтік кепілдіктердің жоқтығына, еңбек жағдайларының нашарлығына және төмен жалақыға шағымданған