86 млрд теңге: 4 министрлік бөлінген қаржыны игермеген

Ғалиасқар Думан

Үкімет отырысында вице-премьер - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бөлінген қаржыны игермеген министрліктерді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Министрдің дерегінше, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3%-ке орындалды.

«Республикалық бюджет бойынша сомасы 14,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 107 млрд теңгені, оның ішінде үнемдеу – 21 млрд теңге.

Игерілмегені – 86 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, сондай-ақ ішкі істер министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; шот-фактуралармен атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау және басқалары», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Айта кетсек, бұдан бұрын қызылордалық шенділер су тасқынымен күреске бөлінген қаржыны 3 жыл бойы игермегені белгілі болған еді.