Сот жәбірленушілердің өтінішіне құлақ асып, процесті жабық режимге ауыстырды – бұл Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайберген ісі бойынша сот отырысының екінші күнінің басты жаңалығы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сотқа кеше барлық ниет білдірушілер қатыстырылған, бірақ бүгін олар процесіне кіре алмады.
Сотталушылардың туыстары айтқандай, бір күн бұрын залда бақылаушылар да, қоғамдық қорғаушылар да, тіпті сотталушылар да бірге отырды. Жәбірленушілерді ешкім танымайды, олар отырысқа қатысты ма, жоқ па – белгісіз. Адвокаттар іс материалдарында бұл адамдардың барлығы нөмірлермен белгіленген деп мәлімдейді, олар өтініштерге бүркеншік аттармен қол қойды, сондықтан қорғаушылар сот анонимді айып бойынша өтіп жатыр деп есептейді.
Соған қарамастан, өз өмірі үшін қорқатын белгісіз жәбірленушілердің өтінішін айыптаушы тарап пен судья қолдады. Сондай-ақ, прокурор жариялылықты шектеудің тағы бір себебін атады – қылмыстық істе "өте құпия" деген белгі соғылған бірнеше том бар.
Судья Асхат Әшірбековтің айтуынша, мәлімдемелерде жәбірленушілер өз өмірлері үшін қорқады деп жазылған, өйткені Жұмагелдиевтің есімі қылмыстық топпен тығыз байланысты.
Еске салайық, Қайрат Құдайберген өткен жылдың 22 сәуірінде ұсталды. 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі үздіксіз ұзартылып келді.
Қайрат Құдайбергенге Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған. Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты порталымызға тергеу камерасынан жолдаған жазбаша жауабында қаңды қаңтар жайлы өз нұсқасын айтып берген еді.
Ал «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталды.
Бұдан бұрын Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің адвокаттары мәлімдеме жасаған.
Соттың бірінші отырысында 42 айыпталушы мен жәбірленушінің сауалнамалық деректері ғана тыңдалды. Адвокаттар мен құқық қорғаушылар бұл процесс кем дегенде алты айға созылады деп болжап отыр.