Биыл Қазақстанда есірткі жасайтын 59 цех жойылды

Ulysmedia

Биыл Қазақстанда есірткі жасайтын 59 цех жойылды. Бұл туралы Түркістанда өткен ТМД-ға мүше елдердің ішкі істер министрлерінің кеңесінде айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Кеңес қатысушылары психотроптық заттардың таралуына қалай тосқауыл қою керектігін талқылады.

“Қазақстанда бұл бағытта қазір алдын алу жұмыстарына, есірткі зертханаларын іздеуге және жоюға баса назар аударылып жатыр. Жыл басынан бері осындай 59 цех жойылды.

Сондай-ақ Алматыда шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, полицейлер бірқатар Достастық елдерінің азаматтарынан құралған трансұлттық ҰҚТ-ның жолын кесті. Қылмыскерлерден 80 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Осылайша 10 тоннадан астам дайын есірткінің өндірісі тоқтатылды”, – деп жазды ІІМ-нен.

Кеңес отырысында 2024-2028 жылдарға арналған жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының халықаралық бақыланатын жеткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы шарттың жобасы мақұлданды, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.