Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қайда және қашан өтеді?

Ulysmedia

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов Абу-Дабидегі UFC 294 немесе Нью-Йорктегі UFC 295 турнирлерінде жұдырықтасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін қазан айында Абу-Дабиде немесе қарашада Нью-Йоркте өткізуі мүмкін екенін айтты.

UFC 294 Абу-Дабиде (БАӘ) 21 қазанда, UFC 295 11 қарашада Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді.

Бұған дейін Қазақстанда ММА жекпе-жегін көрсету шектелетіні белгілі болған еді.