Ливан астанасында жарылыс болды

Ulysmedia

Ливан астанасы Бейрутте жарылыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ТАСС-тың мәліметінше, әскерилер содырлар жасырынған ғимаратқа граната лақтырған.

Бүгін таңертең қалада ереуіл болған. Жұрт былтыр кемежайда болған жарылысты тергеумен айналысатын комиссия басшысын қызметінен алып тастауды талап еткен. Сөйтіп Әділет сарайының алдына жиылған. Алайда белгісіз біреулер ереуілшілерге оқ атып, 6 адамды мерт қылды. Тағы 30-ы жараланған. Осыдан кейін әскерилер атыс ашқан қаскөйлерді іздестіріп, олар жасырынған ғимаратта жарылыс ұйымдастырған.

Ливанда 15 қазан Бейрут оқиғасынан құрбан болғандарды аза тұту күні деп жарияланды.