«13,1%»: Ұлттық банк тамызда жылдық инфляция баяулағанын хабарлады

Ғалиасқар Думан

Ұлттық банк кейбір аймақтардағы инфляциялық үрдістер туралы деректі жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Ресми ақпаратқа сүйенсек, тамыз айында елде айлық инфляция 0,7%-ға өскен.

«2023 жылғы тамызда елде жылдық инфляция баяулап, 13,1%-ды құрады (шілдеде – 14,0%). Аймақ деңгейінде қарағанда, жылдық инфляция барлық 20 өңірде бәсеңдеді.  Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Ақмола облысында, Астана қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді», - делінген хабарламада.

Ұлттық банк тамызда азық-түлік тауарларының бағасы 12,4%-ға дейін (шілдеде – 13,5%) баяулағанын, осы топтағы тауарлардың бағасы Астана қаласында (16,2%) тым тез, ал Шымкент қаласында (9,7%) тым баяу өскенін хабарлайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 13,5%-ға дейін баяулаған (шілдеде – 15,0%). Ең жоғары мән – Астана қаласында (16,2%), ең төмен мән – Ұлытау облысында (9,6%) тіркелген.