Қазақстанда Ұлттық қор қаржысын пайдалануға шектеулер енгізіледі

Ғалиасқар Думан

Жаңа Бюджет кодексінің жобасында Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттерді пайдалануға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.

"Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттерді тек аса маңызды инфрақұрылымға ғана пайдалануға шектеу енгізілді және оған тиісті критерийлер енгізілді. Тек маңызды нысандарға, мысалы, жұмыс орындарын және қосымша салықтарды қамтамасыз ететін зауыт құрылысын салу немесе тұрмысты қамтамасыз ететін инфрақұрылымдар. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылатын "Жайлы мектептер" жобасы сияқты, бір мезгілде бірнеше өңірде бірдей нысандар салынғанда (...) Ұлттық қордан қаражат алу көлемі мақсатты талаптардың көлемімен шектелген", – деді министр.

Жеке бапта "Балаларға арналған ұлттық қор" туралы ережелер бар. 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасына сәйкес бұлар 18 жасқа толғанға дейін балаларға жыл сайын есептелетін мақсатты талаптар болады.

Кодекс жобасын енді депутаттар талқыға салады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық қорға жылдың 8 айында қанша кіріс түскені және қанша ақша пайдаланылғаны айтылған.