1,76 пайыз: Ауыл әкімдерінің сайлауы қалай өтіп жатыр?

Ulysmedia

Қоғам белсендісі, тәуелсіз бақылаушы Арайлым Назарова Алматы облысы Талғар ауданы Қайнар ауылдық округі әкімін сайлау барысы қалай өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ulysmedia.kz

Ол бүгін біз ауыл әкімдерінің сайлауын бақылау мақсатында аталған елді мекенге арнайы барғанын жазады.

“Округте жалпы 8 сайлау учаскесі бар екен. Жалпы сайлаушылар саны - 14 356 адам. 

Округте түгелдей бақылаушылар отыр. Сағат 12:00-ге ауылдық округ әкімдерінің сайлауы қалай өтіп жатқанымен бөліссек, осы сағатта явка - 1,76 %. Сайлау күнінің тең жартысы өтіп кетті. Ал халықтың тым болмаса 10% сайлауға келмейді. Негізі бұл басқа сайлауда да осының ары-бері жағы болатынын көрсетеді”, – деп пайымдайды автор.

Бұл ненің көрінісі? Жергілікті биліктің халықпен жұмыс істемейтінін айғақтайды.

Ауыл әкімдері сайлауы деген аты ғана болмаса, баяғыша сол тағайындау сияқты. Мұнда бұрынғы әкім орынбасары сайлауға түсіп жатыр екен. Егер айқын басымдықпен жеңетін болса, сол баяғы жол екенін көреміз. 

889 СУ - 2258 - 109 - 4,8 %
890 СУ - 2976 - 22 - 0,73% 
891 СУ - 1775 - 20 - 1,12 % 
892 СУ - 1022 - 84 - 8,21% 
893 СУ - 1712 - 20 - 1,16% 
894 СУ - 1770 - 35 - 1,97% 
984 СУ - 1774 - 28 - 1,57% 
1050 СУ - 1069”, – деген Арайлым Назарова.

Айта кетейік, бұған дейін аудан мен қала әкімдерін сайлау науқанына қазынадан қанша қаржы жұмсалатынын жазған болатынбыз.