25 қыркүйек күні ауа райы қандай болады?

Ulysmedia

"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз  болады.

"Антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Республикамыз бойынша түнде және таңертең тұман түседі,  оңтүстік, шығыс өңірлерде екпінді жел тұрады деп күтіледі", – деп жазды ведомстводан. 

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде сынап бағаны 1-3 градусқа дейін төмендейді, түнде Ақмола облысының шығысында топырақ беті қатып,  1 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары.