«KEGOK» компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өз айлығын атады. Өзі басшылық ететін кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлығы 400-450 мың теңге болса, өз айлығы 1,9 млн теңге, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгін компания басшысы Самұрық-Қазына ғимаратына келіп, баспасөз мәслихатын өткізген. Брифинг барысында журналистердің бірі одан айлығын сұрады. Нәби Айтжанов компания қызметкерлері айына орта есеппен 400-450 мың теңге алатынын айтты.
«Өз айлығым 1 млн 900 мың теңге», - дейді Нәби Айтжанов.