Ресей Air Astana-да үлесі бар компания басшысына санкция салды

Айнель Аянова

Ресей британның BAE Systems қорғаныс компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Крессида Хоггқа санкция енгізді. Ресейлік БАҚ мұны Ұлыбританияға қарсы жауап-санкция деп атайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұдан былай Ресейге кіруге тыйым салынған Ұлыбритания азаматтарының тізіміне Радакиннен басқа Лондонның Украина бағытындағы стратегиясын тұжырымдауға қатысқан Ұлыбритания үкіметі жанындағы Біріккен барлау комитетінің төрағасы Мадлен Алессандри, сондай-ақ BAE Systems британдық Қорғаныс компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Крессида Хогг енген.

BAE Systems-ке қазақстандық Air Astana әуе компаниясының 49% тиесілі.