Алтын жауған күн: ел қоржынына Азиаданың үшінші алтыны түсті

Айнель Аянова

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстандық спортшылар Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Спорт және туризм министрлігі

«Скит» жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды. Қорытынды есеп – 40:35.

Бұл – Азиада басталғалы еліміздің ел қоржынына түскен үшінші алтын медаль.

Бұдан бұрын 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухра Ирназарова чемпион атанған.

Ал кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты