Бидай импортына шектеу: бұйрыққа өзгеріс енгізілді

Ғалиасқар Думан

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023 жылғы 25 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының аумағына бидайды автомобиль және теміржол көлігімен әкелуге тыйым салу туралы" бұйрыққа түзетулер дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұйрық "бидай импортына тыйым салу бидайдың Қазақстан аумағы арқылы транзитіне қолданылмайды" деген жолмен толықтырылды.

"Қазақстан Республикасының аумағына бидай импортын лицензиясы бар элеваторлар, астық өңдеуші кәсіпорындар, құс шаруашылығы кәсіпорындарын қоспағанда үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобильмен,  теміржол және Қазақстан аумағы арқылы бидай транзитін қоспағанда Қазақстан аумағына бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынады", делінген құжатта.

Құжат 6 қазанға дейін талқылауға шығарылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанға бидай әкелуге тыйым салу мерзімі ұзаратыны хабарланған.