Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Ulysmedia

Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

2023 жылғы 30 қыркүйекте оқу-жаттығу ұшуы кезінде Қарағанды облысының Балапан алаңында сағат 07.46-да upla286 типті P2002 ұшағы байланысқа шықпады.

Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты.

Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан Ташкентке ұшқан рейс техникалық ақауға байланысты қайта оралған болатын.