Қазақстандық боксшы Өзбекстаннан келген әлем чемпионын нокаутқа түсірді

Ulysmedia

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Азия ойындарында мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Сали Сабиров

Ұлттық құраманың көшбасшысы өзбекстандық Асадхужа Муйдинхуджаевпен кездесуде керемет жігер мен сенімділік танытты.

Ширек финалдық жекпе-жекте Муйдинхуджаевқа бірінші, екінші раундта басымдық танытты (екеуі де 1:4 есебімен), бірақ соңғы раундтағы айқаста төреші жекпе-жекті үзіп, қазақстандық боксшының пайдасына шешілгенін жариялады.

Асланбек Шымбергенов қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті. Бұл нәтижемен Асланбек мерзімінен бұрын Азия ойындарының жүлдегері атанды.