Азиада-2023: Қазақстан қоржынына төртінші алтын түсті

Ғалиасқар Думан

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

olympic.kz

Ел спортшылары каноэда 500 метр қашықтықта сынға түсіп, 1:49.010 көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып қиды.

Жапониялық және ирандық ескекшілер екінші және үшінші орынға табан тіреді.

Бұл – Қазақстан қоржынына түскен төртінші алтын.

Айта кетейік, бұдан бұрын Мария Боровкова мен Руфина Искакова байдарка мен каноэ есуден күміс медальға қол жеткізген.