Қазақстанда жасөспірімдер арасында есірткі қылмысы көбейді

Ғалиасқар Думан

Елімізде кәмелетке толмағандар арасында тіркелген есірткі қылмысы азаймай тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбектің дерегінше, 2020 жылы кәмелетке толмағандар 15 есірткі қылмысын жасаса, оның 5-і сату фактісіне қатысты. Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 26 фактіге өскен, оның 10-ы сату фактісі.

«2022 жылы кәмелетке толмағандар 25 есірткі құқық бұзушылығын жасаған, олардың жартысы есірткіні сатуға қатысты. Биыл қылмыстық іс жүргізуге 29 кәмелетке толмаған бала тартылды, оның ішінде 13 колледж студенті, жоғарғы оқу орындарының 3 студенті және 6 оқушы бар», - деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, 2024 жылдан бастап қазақстандық оқушылар жаппай нашақорлыққа тексеріледі.

 Денсаулық сақтау органдарының деректері бойынша Қазақстанда есірткіге тәуелді 18 200 адам есепте тұр. Оның ішінде 1500-і әйел және 100-ге жуығы кәмелетке толмағандар.