Қара алтын қымбаттады

Ғалиасқар Думан

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайының желтоқсандағы фьючерстерінің құны барреліне 92,32 доллар болды, деп жазады Ulysmedia.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.

фото: ашық дереккөзден

Бұл – алдыңғы сессияның жабылуынан 0,12 долларға (0,13%) қымбат. Жұма күні бұл келісімшарттардың бағасы 0,9 долларға төмендеп, 1 баррель үшін 92,2 доллар болған.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында WTI сұрыпты мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 0,14 долларға қымбаттап (0,15%), барреліне 90,93 доллар болды. Алдыңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша бұл келісімшарттардың құны 0,92 долларға арзандап, бір баррель үшін 90,79 долларды құрады.

Brent өткен айда 9,7%-ға және үшінші тоқсан қорытындысы бойынша 27,3%-ға қымбаттаса, WTI құны 8,6%-ға және 28,5%-ға көтерілді. 

Market Watch-тің жазуынша, сарапшылар бағаның барреліне 100 долларға дейін көтерілетінін болжап отыр. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық банк мұнай бағасының қымбаттығына қарамастан теңгенің әлсіреуіне не ықпал еткенін түсіндірген.