Алматыда 6 жасар бала үйдің шатырынан құлап мерт болды

Айнель Аянова

Алматы қаласында ойнап жүрген бала тұрғын үйдің шатырынан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, бала спорттық жарысқа қатысу үшін Атыраудан келген.

Оқиғаның “Қуат” тұрғын үй кешенінде болғаны хабарланды.

«Бостандық аудандық полиция басқармасында 2017 жылы туған баланың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.

Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, жуырда елордадағы №14 мектепте оқушы қоршауы жоқ баспалдақтан құлап, комаға түскені хабарланған. Кейінен мектеп басшылығының үстінен іс қозғалғаны белгілі болды.