Бас прокуратура Әлия Назарбаеваның "Оператор РОП" ісіндегі мәртебесі жайлы айтты

Ғалиасқар Думан

Қазақстанның Бас прокуратурасы бұрынғы президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваны "Оператор РОП" ісі бойынша жауапқа тарту мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Ведомство Назарбаевадан жауап алынбағанын мәлімдеді.

"Соттың үкімімен "Оператор РОП" ЖШС-дан ақшалай қаражатты ұрлағаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін Пірімқұлов, Құмарғалиев, Коротенко және Темірбек әртүрлі мерзімге сотталды. Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 22 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды. Осы іс шеңберінде Назарбаевадан жауап алынбады, тиісінше қылмыстық қудалау органы оған қатысты қандай да бір мәртебе белгілеген жоқ", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Еске салайық, шілдеде атышулы "Оператор РОП" ісі бойынша сот үкімі шыққан.

Бұл істі тергеу өткен жылы басталған болатын. Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бас директор Светлана Короткенко және қаржы директоры Рустем Темірбек қамауға алынды. Оларға алты қоқыс шығаратын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру арқылы кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрламақ болды деген айып тағылды.

Тергеушілер "Оператор РОП" қызметкерлері артық шығындарды инвестициялық саясат бағдарламасына негізсіз қосқан деп санайды. Оның ішінде, Әлия Назарбаеваның компаниясы осы зауыттарға жұмсауды жоспарлаған 180 млрд теңгенің тағдыры дәл сондай болған. Прокурордың пайымынша, "ӨКМ Операторының" инвестициялық жобаларын "өткізіп жіберген" Пірімқұлов қылмыс жасауға жол ашқан.

Сотталушылар "Оператор РОП" компаниясының нағыз иесін – Әлия Назарбаеваны жазалауды сұраған. Алайда ол сотқа шақырылған жоқ.