Малға тыным берер емес: Қостанай облысында ауылға қасқыр шапты

Ғалиасқар Думан

Федоров ауданының Қосарал ауылдық округіне қасқырлар аз уақыт ішінде қойларға үш мәрте шабуыл жасады. Жергілікті шекарашылар тіпті екі сұр жыртқышты видеоға түсіріп үлгерген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Жергілікті "Федоровские новости" басылымының жазуынша, орманшылар қауіпсіздік үшін тұрғындардан Жыланды және Байқайың ауылдары арасындағы орманға бармауды ескертті.

"Қасқырлар бір апта бұрын Жыланды ауылының маңындағы ормандарда байқалған. Бұған дейін орманшылар сұр жыртқыштарды Байқайыңнан көргендерін айтқан болатын, енді олар бізде пайда болды", – дейді "Усаков орман шаруашылығы" КММ басшысының орынбасары М.Бекентаев.

Үйірлі жыртқыштар Жыланды ауылы маңында жайылып жүрген малға үш рет шабуыл жасап үлгерген.