Смайылов Назарбаев атындағы мектептер, университет және қордың жоғары кеңесін басқарады

Ғалиасқар Думан

Үкімет қаулысына сәйкес, қыркүйек айының соңында Назарбаев атындағы мектептердің, университеттің және қордың Жоғары қамқоршылық кеңесі мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Кеңестің басшысы Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов болды. Кеңес құрамына енгендер:

  • премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
  • Премьер-министрдің Әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары Тамара Дүйсенова;
  • президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ерғалиев;
  • ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек;
  • Назарбаев университеті президентінің міндетін атқарушы Адесида Илесанми.

Айта кетейік, бұған дейін кеңес басшысы қызметін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқарған болатын.

Шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталатын мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.

Ал жуырда Назарбаев соңғы мемлекеттік лауазымынан айырылды.