Олаф Шольц Ресейден келетін ядролық қауіпке түсініктеме беріп, Ресей Федерациясының ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісімді ратификациялаудан бас тарту жоспарын «Путиннің көптеген сәтсіз шешімдерінің бірі» деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Германия канцлері Олаф Шольц Ресейдің Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімді ратификациялаудан бас тарту жоспарын Ресей президентінің тағы бір «сәтсіз шешімі» деп атады.
– Ресейдің қару-жарақты бақылау жөніндегі келісімдерден кезең-кезеңімен шығуы – Ресей президентінің көптеген сәтсіз шешімдерінің бірі. Және бұл бүкіл әлем үшін жақсы жағдай емес, - деді канцлер Гранададағы ЕО саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында.
Ол Путиннің ядролық қозғалтқыш жүйесі бар жаһандық қашықтықтағы қанатты зымыранын сәтті сыналғаны және аса ауыр «Сармат» зымыранындағы жұмыстардың аяқталуы туралы мәлімдемелерінде «түптеп келгенде, жаңа ештеңе жоқ» деп атап өтті.
Олаф Шольц: «Ресейдің ядролық қару арсеналын үнемі кеңейту фактісі біз қазір көріп отырған нәрсе емес, бұл ұзақ уақыт бойы болып жатыр және қай кезде де жоғары деңгейде жарнамаланады», - деп атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Ресейдің ядролық сынақтарын қайта бастағысы келетіні белгілі болған еді.