Өзбекстанда 1 желтоқсаннан кейін ресейлік Yandex.Go қызметі бұғатталуы мүмкін. Оған дейін компания бірқатар талаптарды орындауы тиіс, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
«Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Ridetech International B.V.-ге (Yandex.Go) өз қызметін заңнамалық құжаттарға сәйкес екі ай ішінде ұйымдастыру талаптары қойылды», - деп атап өтті елдің Салық комитетінен.
Бұл талаптардың ішінде:
Қызметті жүзеге асыру және белгіленген салықтарды төлеу үшін Өзбекстанның салық резиденті ретінде тіркелу;
Салық органдарының ақпараттық жүйесімен интеграцияны және клиенттерді автоматты түрде қалыптастыратын фискалдық түбіртекпен қамтамасыз ету шаралары бар.
«Егер жоғарыда аталған талаптар орындалмаса, 2023 жылдың 1 желтоқсанына дейін Салық комитеті Цифрлық технологиялар министрлігіне Өзбекстанда агрегатор ретінде Яндекс.Go электронды платформасын пайдалануды бұғаттау туралы ресми сұраныс жібереді», - деді Салық комитеті.