Қазақстан құрамасы Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында жалпыкомандалық есепте 11-ші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Біздің қазақстандық спортшылар барлығы 80 медаль иеленді: 10 алтын, 22 күміс және 48 қола.
Рейтингте бірінші орынды Қытай, екінші орынды Жапония, үшінші орынды Оңтүстік Корея еншіледі.
Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен Азия ойындарының жалпы командалық есебінде алғашқы ондыққа енген жалғыз мемлекет Өзбекстан болды. Ол континенттегі ең ірі спорттық шарада бесінші орын алды.