Израиль Газа секторы маңындағы тұрғындарды эвакуациялады

Ulysmedia

Түрлі ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сәйкес, Израиль армиясы алдағы 24 сағат ішінде Газа шекарасына жақын жерде тұратын барлық азаматтарын эвакуациялау операциясы басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Disgusting Men

Сонымен бірге Газа секторындағы 20 мыңнан астам адам Израильдің атқылауы салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп жазды БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, ХАМАС тобы жасаған шабуылдардан кейін жоғалған израильдіктердің саны болжам бойынша 750 адамға жетті.

Сондай-ақ 300-ден астам Израиль азаматының қаза тапқаны, тағы 1864-інің жараланғаны атап өтілді.

Израильдің солтүстігінен жасалған шабуылдар үшін жауапкершілікті «Хезболла» өз мойнына алды.

Қай елдер қақтығыста Израильді немесе Палестинаны қолдады: мына жерден оқыңыз.

7 қазанда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасында кең ауқымды соғыс басталғанын хабарлады.