Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендері рейтингінде алғаш рет көшбасшы ауысты

Ғалиасқар Думан

Forbes Қазақстан еліміздегі ең ықпалды 50 кәсіпкердің жыл сайынғы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұған дейін бір-бірімен бірінші орынды бөлісіп келген Тимур Құлыбаев пен Болат Өтемұратов бұл жолы көш басында емес.

"Бірінші рейтингтен бастап бірінші орынды Тимур Құлыбаев немесе Болат Өтемұратов кезекпен иеленді. Міне, он үшінші рет көшбасшылық басқа адамға өтті. Биыл тізімді Kaspi.kz негізін қалаушы және үш ірі акционердің бірі, 54 жастағы Вячеслав Ким басқарды. Он үш жыл бұрын ол 15-ші орынға ие болған", - делінген басылымда.

Сондай-ақ, үздік елулікке бұрын-соңды бұл тізімге есімі енбеген жаңа 6 адам кірді. Олардың қатарында Еркін Тәтішевтің Kusto Group бойынша серіктесі, YPO Kazakhstan жаңа төрағасы және "Бәйге" ұлттық федерациясын басқарған 47 жастағы Қанат Көпбаев бар.

Сондай-ақ, тізімге белгілі кәсіпкер Рашит Сәрсеновтың 38 жастағы ұлы Эльдар Сәрсенов кірді, оның меншігіне бұрын әкесіне тиесілі болған Нұрбанк пен "Виктория" сақтандыру компаниясындағы мажоритарлық үлестер өтті.

Respublica парламенттік партиясының 39 жастағы төрағасы және VIII сайланған парламент мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров та алғаш рет осы рейтингке еніп отыр.

Тізімде Құлыбаевтардың іскер серіктесі және олардың бизнес-империясындағы көптеген ірі құрылымдардың басшысы 61 жастағы Раушан Сағдиева да бар.

Ең ықпалды кәсіпкерлердің толық тізімімен мына жерден танысуға болады. Айта кетейік, бұған дейін Forbes әлемдік рейтингінде де көшбасшы өзгергені хабарланған болатын.

Рейтингтен Қазақстан азаматтарына да орын табылды – ең жоғары орынға (591 орын) акционер, KAZ Minerals Ltd президенті, атқарушы емес директоры Владимир Ким жайғасқан. KAZ Minerals тобының құрамына Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық үлгідегі кеніші және Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кеніші, Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніші, Қырғызстандағы Бозымшақ алтын мыс кеніші және РФ-дағы Баим кен орны кіреді. Оның байлығы – 3,6 миллиард доллар, өткен жылы 2 миллиард доллар болған.

Kaspi Bank иелерінің бірі Вячеслав Ким әлемдік рейтингте 1513-тен 787-орынға көтерілді. Оның кірісі бір жыл ішінде екі есеге жуық өсті. Егер өткен жылы Кимнің табысы 2 миллиард долларды құраса, биылғы жылы ол 3,6 миллиард долларға жетті.

Kaspi олигархтар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзеге тиесілі. Ломтадзенің байлығы бір жыл ішінде 900 млн долларға азайды.Forbes миллиардерлерінің жаһандық real-time-рейтингінде ол 2022 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша 1043-ші орынды иеленді.