Щучьедегі студент өлімі: Тоқаев кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды

Айнель Аянова

Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

“Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда Бурабай және Жамантұз теміржол станциялары аралығынан студенттің денесі табылды. Студент бопсалаудың құрбаны болды деген нұсқа айтылды, алайда полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі (жол қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзудың абайсызда адамның өліміне әкеп соғуы) бойынша қылмыстық іс қозғады.