Қазақстандық, спортшы, кәсіби боксшы Жәнібек Әлімханұлы ертең германиялық Винченцо Гуальтиеримен өтетін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Салмақ өлшенді. Ертеңге дайынбыз!", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.
Қазақстандық WBO чемпионының нәтижесі - 72,257 келі, ал IBF чемпионы германиялық Винченцо Гуальтиери - 72,347 келі.
Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери жексенбі, 15 қазан күні таңертең екі орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін біріктіру жекпе-жегін өткізеді: WBO және IBF титулдары сөз болады. Бұл жекпе-жек Розенбергте (АҚШ, Техас) өтеді.