Сарапшы: Қырғызстанның келесі президенті Камчыбек Ташиев болады

Ulysmedia

Еуразиялық аналитикалық клубтың жетекшісі, халықаралық саясаттанушы Никита Мендкович Камчыбек Ташиев Қырғызстанның келесі президенті болады деп есептейді. Бұл туралы ол өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қырғыз Үкіметінің баспасөз қызметі

Ресейлік сарапшы ел президенті Владимир Путиннің Бішкекке сапары кезінде бірге келген делегацияның құрамында болған.

Никита Мендкович Путиннің Қырғыз Республикасына сапарының негізгі нәтижелерін атап өтті:

Қырғызстанның солтүстігінде, ҰҚШҰ Кант авиабазасының жанындағы Ресей Қарулы Күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс базасы (ресми түрде бірлескен) аймақтағы әуе кеңістігін бақылауды күшейту мәселесін шешеді;

үш орыс мектебінің құрылысын бастау – ел аймақтарында орыс мәдениетін қалпына келтіру;

корпоративтік келіссөздер деңгейінде іскерлік ынтымақтастықты жалғастыру.

Сондай-ақ ол ТМД елдері басшылары саммиті мен Ресей президенті сапарының күн тәртібінен тыс тақырыпта ойын білдірген.

«Қырғыз Республикасының президенті Жапаров Көлбаевты (Коля) өлтіргеннен кейін саяси ықпалын тез жоғалтып алды және қызметінен ерте кетуі мүмкін. Келесі президент болуға мүмкіндігі бар вице-премьер, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камшыбек Ташиев күшейіп келеді. Ал егер Жапаров жағдайды бақылауға алмаса және өзіне жаңа күшті тірек жасамаса, онда Ташиевтің алдағы жоспары мен бағыты белгілі», - деп жазды Никита Мендкович.

4 қазанда Бішкекте арнайы операция кезінде полиция қылмыс әлемінің серкесі Камчы Көлбаевты өлтірген болатын. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз орталығы ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісінің ұсталғанын, ол қарулы қарсылық көрсетіп, өлтірілгенін хабарлады.