Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамына өзгеріс енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тоқаев қол қойған Жарлық бойынша комиссия құрамынан 11 адам шығып қалды.
«Аталған комиссияның құрамынан: М.М. Ахметжанов, А.О. Алауханов, М.С. Бәшімов, Ғ.Б. Бейсембаев, О.А. Бектенов, Д.Қ. Қыдырәлі, Д.Қ. Мыңбай, А.Р. Оралов, А.С. Платонов, А. Саин, М.Б. Тілеуберді шығарылсын», – делінген құжатта.
Комиссияның жаңа мүшелері:
Еске салайық, экс-сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді тамызда Қазақстанның Аустрия РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
Ал бұрынғы ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты болды.
Сондай-ақ, қыркүйектегі ауыс-түйістер кезіндде ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі қызметіне ауысты.