Былтыр желтоқсанда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатының ісі бойынша бүгін түске дейін жарыссөз болды. Көз жұмған үш адамның туған-туыстары соттың жарыссөз сатысында сөйлеп, сотталушы Дархан Ахметжановқа қатаң жаза тағайындауды, сонымен қатар жүргізуші Ермек Шөкебаеваны да жауапқа тартуды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.