Қарағандыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Жапа шеккендер бар ма?

Ulysmedia

Қарағанды облысында пойыз рельстен ауытқып, темір жолдан шығып кетті деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Скриншот: instagram.com/railway_1520

Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат пайда болды. Жазба авторының мәліметінше оқиға Ақадыр және Айса станцияларының арасында болған. 

Техникалық вагон екен 
 
Оқиғаның мән-жайын  Көліктегі полиция департаменті түсіндірді. Ақпаратқа сәйкес пойыздың артқы техникалық вагоны рельстен шығып кеткен. 

 "Қазіргі уақытта Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімі қозғалыс қауіпсіздігі немесе темір жол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп мәлімдеді КПД.