Хат жазып кеткен: Ақтөбеде 17 жастағы бойжеткен терезеден секіріп кетті

Ulysmedia

Ақтөбеде 17 жастағы бойжеткен көп қабатты үйдің шатырынан секіріп көз жұмды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Ашық дереккөзден

Оқиға орнынан марқұмның соңғы хаты табылған. Бірақ онда не жазылғаны әзірге беймәлім. 

Себебі белгісіз 
 
Қайғылы оқиға қала шетіндегі ықшам аудандардың бірінде болды. Қыздың биіктен секіргенін көпшілік көрген. Тіпті бейнебақылау камерасына да түсіп қалыпты. Жерге құлап бара жатқанда сол маңнан өтіп бара жатқан оқушы бала да бұл сұмдықты көрген. Өмірден баз кешкен бойжеткен колледждердің бірінің студенті екен. Отбасы осы үйде тұрады. Оның өзіне қол салуына не себеп болғанын тәртіп сақшылары ашып айтпады. 

Полиция мәлімдемесі 

“Полиция суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бүгін сағат 14.00-де Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды. Алдын ала тергеуде оның үйдің шатырынан секіргені анықталды. Қыздың соңғы хаты бар,“ - деді  Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Бұған дейін Ақтөбеде 22 жастағы келіншек үшінші қабаттан құлап кеткенін жазған едік. Алғашқыда ол өмірден баз кешіп секіріп өлмек болған деген ақпарат тараған. Алайда жақындары бір баласы бар әйелді суицидке барды дегенге сенбей отыр.