Украина билігі шетелдегі 18-60 жастағы ер азаматтарына төлқұжат беруді тоқтатты

Ulysmedia

Украина үкіметі шетелдегі 18-60 жас аралығындағы ер азаматтарына Украина азаматының төлқұжатын немесе шетелдік паспортын беруді тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөздерден

Украина министрлер кабинетінің жарлығына сәйкес, төлқұжаттарды енді тек аумақтық органда немесе көші-қон қызметі бөлімшесінде алуға болады.

Ел билігі армияда әскері жетпей жатқандықтан осындай шара қабылдап отыр.

Ереженің әскери жағдай кезінде шекарадан өтуге құқығы бар 18-60 жас аралығындағы ер адамдарға қатысы жоқ.

Еске сала кетейік, 16 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский жұмылдыру туралы заңға қол қойды. Бұл заң, басқалармен қатар, әскери есепке алу құжаттарын жаңартпай, украиналықтардың әскери міндеттілері елдің шетелдегі консулдықтарынан қызмет ала алмайтынын, соның ішінде төлқұжат ала алмайтынын білдіреді.

Бұған дейін Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Шетелдегі әскерге шақыру жасындағы украиналықтарға консулдық қызмет көрсетуді шектеуге бұйрық бергенін растады.

Ол шетелде болу Украина азаматын өз Отаны алдындағы міндеттерінен босатпайтынын атап өтті.