Бизнеске қатысты енгізілген жаңа реттеу саясаты бойынша қаңтардан бастап міндетті талаптар тізілімі жарияланды. Біз осы мәселеге тереңірек көз жүгіртіп көрдік. Өйткені мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске қатысты жөнсіз талаптардың көп болғанын білеміз. Осыдан 10 жыл бұрын дәл осы тексеру парақтарында бизнеске қатысты көптеген қажетсіз, ескірген талаптардан көз сүрінетін еді. Кейбіреулері тіпті ақылға қонымсыз, түсіну мүмкін емес болатын. Әрине, мұның бәрі бизнестің дамуына кедергі келтіргені сөзсіз. Содан бері бұндай бизнеске қойылған жөнсіз талаптардың біршамасы алынып тасталды.