Астанада үлескерлерден 4 млрд теңге жинаған құрылыс салушылар тергеліп жатыр

Ғалиасқар Думан

Астана полициясы "R-Club" және "R-Club Deluxe" ТҮК үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі фото

Үлескерлердің 4 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн.теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың 4-ші тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген.

“Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталуда”, – деп мәлім етті қалалық прокуратура.

Атырауда үлескерлердің 650 млн теңгесін қалтаға басқан құрылыс салушылар қамауға алынған.

Сондай-ақ, ШҚО-да құрылыс компаниясының басшылары үлескерлерді 606,5 млн теңгеге алдағаны белгілі болды.