Жаңалықтар

ERG Рудныйда бірегей мектеп ашты
03.09 13:18 Жаңалықтар
Бүгін Рудныйда жаңа буынның мектеп-гимназиясы салтанатты түрде ашылды. Бұл соңғы 3 жылда ERG қаражатына бой көтерген осымен үшінші мектеп. «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған бұл білім ұясының аумағы – 19 590 шаршы метр. Ол елдегі алғашқы «жасыл» әрі ең ірі мектептердің бірі болады. «Соңғы бірнеше жылда біз «ERG mektep» бағдарламасы аясында мектептердегі білім беруді дамыту ісіне 15 млрд. теңгеден астам қаражат бағыттадық»,- деді ERG-дің Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов.