Қырғызстандық БАҚ қазақстандық бизнесмен Жақып Марабаевтың немересі мен Қырғызстан кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матрайымовтың ұлының дүркіреп өткен үйлену тойы туралы жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. «ПолитКлиника» басылымының мәліметінше, салтанатты шара 30 тамызда Ташкенттегі бес жұлдызды Marriott қонақүйінде өткен.